ВІКІСТОРІНКА
Навигация:
Інформатика
Історія
Автоматизація
Адміністрування
Антропологія
Архітектура
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Військова наука
Виробництво
Географія
Геологія
Господарство
Демографія
Екологія
Економіка
Електроніка
Енергетика
Журналістика
Кінематографія
Комп'ютеризація
Креслення
Кулінарія
Культура
Культура
Лінгвістика
Література
Лексикологія
Логіка
Маркетинг
Математика
Медицина
Менеджмент
Металургія
Метрологія
Мистецтво
Музика
Наукознавство
Освіта
Охорона Праці
Підприємництво
Педагогіка
Поліграфія
Право
Приладобудування
Програмування
Психологія
Радіозв'язок
Релігія
Риторика
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Статистика
Технології
Торгівля
Транспорт
Фізіологія
Фізика
Філософія
Фінанси
Фармакологія


Каннабиноидтармен мастану белгілері

(анаша, гашиш, план, гаджа, чарас, ма, киф, дача, марихуана)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Тері жабындысы мен склералар гиперемиясы, қарашықтардың кеңеюі (мидриаз), қарашықтардың жарыққа реакциясының төмендеуі, көздердің айқын жылтылдауы, нистагм, қабақтарының ісінуі, жиі тыныс және тахикардия, оларды жалауға бейімділікпен еріннің кілегей қабатының құрғақтығы, ауыздан жағымсыз иіс, киімінен өзіне тән түтін иісі шығады, тремор және қозғалыс координациясының бұзылысы, қырылдаған дауыс, жүрек айну, құсу, мешкейлік кезеңдері (булимия).
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Шамадан тыс және адекватсыз көңілділік, күлегештік, бейғамдық, зейін концентрациясының бұзылысы, байланыссыздыққа дейін жететін ойлау мен сөйлеудің жылдамдауы, адамдармен сөйлесуге жоғары қажеттілік, көңіл-күйдің қуаныштан мұңаюға жылдам ауысатын кенет тербелістеріне бейімділік байқалады, ойға кету, мотивсіз қорқыныш және үрей, күдікшілдік пайда болуы мүмкін. Қозу сатысында көру иллюзиялары пайда болуы мүмкін. Қоршаған әлем түрлі-түсті, ашық, дыбысты болып қабылданады. Галлюцинациялар және кеңістікте өз денесінің бөлшектерінің өзгеруі, «ауада буға айналғандай» сезімдерімен деперсонализация симптомдары мен «дене схемасының бұзылысы», және де микропсия, макропсия түрінде дереализация болуы мүмкін. Сексуальды тежеусіздік тән.

Каннабиноидтармен уланудың клиникалық көріністері мен фазалығы

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

 

Фаза Клиникалық көріністер
  1 фаза Гашишті қабылдағаннан 2-5 минуттан кейін қорқыныш, үрейлі күдікшілдік сезімі пайда болады. Сыртқы тітіркенгіштерді қабылдау өткірленеді. 5-10 минутқа созылады. Бірінші фаза барлық жағдайларда бақыланады.
    2 фаза Жеңілдік, кеңпейілділік, жайбарақаттық сезімі пайда болады. Артынан қабылдау, ойлау және сана бұзылыстары қосылады. Қабылдау бұзылыстары кеңістікті, түстерді, дыбыстар мен шулардың интенсивтілігі мен шығу тегін, уақытты, өз денесінің схемасын қабылдаудың бұзылысымен көрінеді. Осы бұзылыстар көріністерінің сипаты индивидуальді. Ойлау аффективті безендірілген, өзінің сапасы мен қарқыны бойынша өзгереді. Жиі ол кеңпейілділік, сирек жағдайда қорқыныш. Наркотизация жүріп жатқан топтағы мүшелердің баға берулері өзгереді. Жеңіл шешім қабылдау, бейғамдық және іс-әрекеттерінде жауапсыздық тән. Ойлау қарқыны жылдамдайды. Бастапқыда санасы ашық. Кейіннен сана тарылады. Наркотик қабылдайтын топта өздеріне тән қарым-қатынас түрі пайда болады – әрқайсысы жанындағы адамның сұрақтарына жауап береді, әңгімеге құлақ салып, ілікпе сөздер айтады.
3 фаза Ойлау үзікті сандырақ жағдайына дейін жетерлік байланыссыз сипат алады. Сана есеңгіреу дәрежесінде. Қоршаған ортаны қабылдаудың парадоксальдылығы, күйзелістерінің ретсіздігі байқалады. Наркоман жанындағы адамның артынша ешқандай қуанышты сезінбестен күледі, және ол жыласа мұңаю сезімінсіз жылайды. Координация бұзылыстары күшейеді. Қозғалыс белсенділігі әлсіздікпен ауысады.
4 фаза Сана айқындалып, қозу басылады. әлсіздік және баяулылық, тежелулік және апатия. Гипотензия, гипорефлексия және тәбеттің жоғарылауы. Артынша селк етіп оянулармен және күбірлеулермен беткей ұйқыға кетеді. Оянғаннан кейін жоғары тәбет және шөлдеу сақталады.

 

Гашишті мастанудың клиникалық көріністері

(В.Е.Вецнер, 1969)

 

 

Клиникалық көріністері
  1. Жедел гашишті мастану клиникасы гашишті қолданудың ұзақтығы мен жүйелілігімен тығыз байланысты.
    2. Жедел гашишті интоксикация дамуы мен көрінісінің өзгеруіне әсер ететін факторларға жатады: наркотик дозасы, оның әсер ету қарқыны және индивидуальды «шығу тегінің» (тұлға ерекшеліктері, туа пайда болған немесе жүре пайда болған бас миының патологиясы және т.б.) ерекшеліктері.  
  3. Жедел гашишті интоксикацияның көрінісін сипаттайтын басты психопатологиялық синдром, деперсонализация синдромы болып табылады. Оның жеке көріністерінің айқындылық дәрежесіне қарай оның үш вариантын бөлеміз: а) маниакальды жағдаймен бірлескен соматопсихикалық деперсонализацияның басымдылығымен; б) деперсонализация синдромының барлық компоненттерімен (соматопсихикалық, аутопсихикалық және аллопсихикалық); в) түс тәрізді есеңгіреумен аллопсихикалық деперсонализацияның басымдылығымен
  4.   Психологиялық эксперимент кезінде анықталған психикалық қызметтің бұзылысы есте сақтау (фиксациялық амнезия), ойлау (сөздік реакциялардың латентті кезеңінің ұзаруы, ассоциациялардың кедейленуі, өз жағдайына критиканың төмендеуі, ойлау мақсаттылығының жоғалуы), зейін (ойын жинақтау мен тұрақтылықтың нашарлауы) бұзылыстарында өз көрінісін береді. Сананың айқындалуы және қозудың басылуы. әлсіздік және баяулылық, тежелу және апатия. Гипотензия, гипорефлексия және тәбеттің жоғарылауы. Артынша селк етіп оянулармен және күбірлеулермен беткей ұйқыға кетеді. Оянғаннан кейін жоғары тәбет және шөлдеу сақталады.
5. Гашиш ауыз және жұтқыншақтағы құрғақтық, аштық сезімі, тері жабындыларының бозаруы, қарашықтардың кеңеюі, тыныс алудың жиілеуі, тахикардия және гипертензия шақырумен көрінетін вегетативті жүйке жүйесіне айқын әсерін тигізеді.
6. Гашишті ұзақ және жүйелі түрде қолдану ЭЭГ өзгерістеріне сүйенгенде, ретикулярлы түзілістердің тонусының төмендеуімен және орталықты белсендендіретін әсерлердің әлсіреуімен сипатталатын вегетативті жүйке жүйесінде қыртыс- қыртыс асты байланыстың белгілі бір типін түзеді.
7. Жедел гашишті мастану жағдайындағы ЭЭГ-дағы өзгерістер ретикулярлы құрылымның толық емес блокталғанын және белсендендіретін әсерлердің әлсіреуін, бір жағынан, ми қыртысының қозғыштығының төмендеуін, екінші жағынан тежелудің дамуына байланысты жүйкелік үрдістердің шапшаңдылық дәрежесінің төмендеуін көрсетеді.
8. Гашишті мастану жағдайында қылмыс жасаған адамдар (психотикалық эпизод деңгейіне жетпегендер), кінәлі болып табылуы керек.

Гашишті наркоманияның даму сатылары

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Сатысы Клиникалық көріністері
1 саты Гашишті тарту жүйелі түрге ауысады. Психикалық тәуелділік синдромы эйфория беретін зат ретінде наркотикке обсессивті әуестікпен, және ол жоқ болғанда мазасыздықпен, қанағаттанусыздықпен көрінеді. Толеранттылық өседі. Гашиштің физиологиялық әсері өзгереді. Наркотикалық мастану қорқыныш пен үрейдің бірінші фазасынсыз өтеді, бет гиперемиясы басылады, тахикардия, мидриаз, нистагм, тремор, бұлшық еттік релаксация, аяқ-қолдардағы жылу және ауырлық сезімі. Саты ұзақтығы 2-5 жыл.
2 саты Физикалық тәуелділік синдромының пайда болуымен, толеранттылықтың өсуімен, мастану сипатының өзгеруімен сипатталады. Интоксикацияның бірінші және төртінші фазалары жоғалады. Интоксикация физикалық жайлылықтың бірден-бір көзі болып табылады, опиоманиямен салыстырғанда әлсіздеу компульсивті әуестік түзіледі. Абстинентті синдром айлар бойы баяу дамиды. Бірінші фаза үнемі тартудың 2-3 жылынан кейін көрінісін береді. Абстинентті синдромның, оның толық фазаларының толық түзілуі 6-8 айда іске асады. Абстиненция ұзақтығы 3-14 күннен 1 айға дейін, максимальды айқындылығы 3-7 тәуліктерде. Гашишизм кезінде психотикалық жағдайлар дамуы мүкін: а) шамадан тыс қолданғанда интоксикациялық психоз сананың күңгірттенген немесе делириозды бұзылысымен көрінеді; б) абстиненция кезеңіндегі психоз жиі делириозды синдроммен, сирек күңгірттенген немесе галлюцинаторлы-сандырақтық жағдаймен көрінеді.
3 саты Үнемі наркотизацияның 9-10 жылынан кейін дамиды. Падает толеранттылық құлдырап, наркотик тек тонизирлеуші әсер көрсетеді, интоксикациядан тыс кезде наркоман әлсіз, апатиялы. Қолдану формасы жүйелі. Абстинентті синдром созылмалы сипатта болады. Созылмалы интоксикация салдары синдромы тұлғаның энергетикалық ресурсының үдемелі төмендеуімен, физикалық және психикалық зорығуымен, мүгедектікке алып келетін созылмалы психоздардың пайда болуымен сипатталады.  

Гашишті наркомания кезіндегі абстинентті синдромның клиникалық көріністері мен фазалылығы

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фазалары Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Гашишті тартқаннан кейін 4-5 сағаттан соң дамиды және қарашықтардың кеңеюімен, есінеумен, қалтыраумен, әлсіздікпен, бұлшық ет әлсіздігімен, мазасызданумен, дисфориямен, ұйқы және тәбеттің жоғалуымен көрінеді.
Екінші фаза Наркотиктен ажыраудың бірінші тәулігінің соңына қарай пайда болады. Вегетативті қозу күшейеді. Бұлшық еттер кернелген, майда тремор, гиперрефлексия пайда болады, фибриллярлы жыбырлаулар болуы мүмкін. АҚ жоғарылайды, пульс, тыныс жиілейді.
Үшінші фаза Наркотиктен ажыраудың екінші тәулігінде дамиды. Сенестопатиялық сипат алатын соматовегетативті бұзылыстар максимальды деңгейге жетеді. Науқастар кеудедегі ауырлықты және қысымды, тыныс қиындауын, жүректегі ауру сезімі мен қысылу, бастағы, әсіресе төбе мен самайда қысылған сезімді сезінеді. Теріде және тері астында күйдіру, жағымсыз шаншу, тартылу және жорғалау сезімі. Науқас пайда болған бұзылыстардың себептерін дұрыс бағалайды. Наркотикке компульсивті әуестік өзінің максимальды интенсивтілігіне жетеді. Науқастар жабырқаулы, жылаңқы. Көп жағдайда астениялық депрессия дамиды. Наркотиктен ажыраудың 3-5 тәулігінде үрейлі мазасызданудың өсуі кезінде абстинентті психоз дамуы мүмкін.

СЕДАТИВТІ НЕМЕСЕ ҰЙҚЫ ШАҚЫРАТЫН ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 13)

 

Ұйқы шақыратын заттармен токсикоманияның дамуы оларды медициналық және медициналық емес қолданумен байланысты болуы мүмкін. Бірінші топқа ұйқы шақыратын препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдайтындар жатады. Бұл топқа тәуелділіктің типті емес, баяу түзілуі тән. Екінші топ ұйқы шақыратын заттарды эйфоризирлеуші әсер алу үшін қабылдайтын адамдардан тұрады, осының нәтижесінде оларда жылдам тәуелділік түзіледі. Барбитураттардың 0,5г. күнделікті 3-4 ай бойында қолдану өзгерген реактивтілік синдромы белгілерін, психикалық, артынан физикалық тәуелділік шақырады (Пятницкая И.Н., 1994). Ағымы үдемелі. Аурудың 2 сатысында айқын эмоциональды-еріктік және интеллектуальды бұзылыстар, және де трофикалық бұзылыстар бақыланады. Токсикалық энцефалопатия бронхоспазм, дистрофиямен, депрессиямен және диффузды неврологиялық көріністермен анықталады.

Седативті заттармен мастану белгілері (барбитураттар:фенобарбитал, метаквалон, реладорм, циклобарбитал)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Тері жабындылары мен склералардың гиперемиясы, гипотония, брадикардия, гипотермия, гипосаливация, мидриаз, қажыған көздер, қимыл координациясының бұзылысы, дизартрия, сөйлеудің қиындауы және баяулауы, бұлшық ет әлсіздігі.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Жоғары ұйқышылдық, сана бұзылысы, ойлаудың баяулауы, кейде галлюцинациялар, психикалық реакциялардың баяулауы, шешім қабылдаудағы қиындық, көңіл-күйдің төмендеуі, кейде бастапқы сатыда себепсіз көңілділік, бейғамдық, сөзшеңдік бақыланады.

Седативті заттармен мастану белгілері (транквилизаторлар-бензодиазепиндер:фенозепам, радедорм, реланиум, диазепам, седуксен, элениум, имован, донормил)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Бет терісінің гиперемиясы, склералардың инъецирленуі, ауыздағы құрғақтық, қарашықтардың жарыққа реакциясының төмендеуімен мидриаз, атаксия - қимыл координациясының бұзылысы.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Бастапқы сатысында эйфория, өзін еркін сезіну бақыланады. Кейіннен жоғары ұйқышылдық, әлсіздік, сана шатасуы, реакциялардың баяулауы, зейін концентрациясының төмендеуі, сөзден жаңылу, артикуляция бұзылысы, бас айналуы бақыланады.

Ұйқы шақыратын заттармен интоксикация кезіндегі клиникалық көріністер мен фазалылық

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клиникалық көріністері
  1 фаза Наркотикті енгізгеннен соң бірден пайда болады, «инедегі» эффект. Раушнаркоз түрінде көрінеді: лездік есеңгіреу, көздері қарауытады, жақсы жағынан қабылданатын акоазмдер (шу, шатынау, сусыл, адым, тықыл, қоңырау және т.б.) және фотопсиялар (жарқылдар, жарқыраған нүктелер, түрлі-түсті шеңберлер және т.б.) болуы мүмкін. Науқастар оларды қайталағылары келеді және наркотикті көктамырға қайталап енгізу арқылы іске асырады. Мидриаз, дененің жоғарғы бөлігінің және кілегей қабықтардың гиперемиясы, айқын бұлшық ет әлсіздігі бақыланады. Қоршаған орта қабылданбайды, осы сәтте науқас өзі жөнінде «сөндірілдім» деп айтады. Фаза ұзақтығы – бірнеше секунд.
    2 фаза Жоғары моторлы белсенділікпен сипатталады, қимылдары ретсіз. Себепсіз көңілділік, қимыл-әрекетке ниеттену, қандай да бір іс-әрекеттерге талпыныс пайда болады. Ой-пікір сапасы бірден төмендейді. Қоршаған ортаны дұрыс бағалау қиындайды. Зейін аса алаңдаулы, іс-әрекеттерінің бағыттылығы, сөйлеу қарқыны үнемі өзгереді. Эмоциональды фон тұрақсыз. Жоғары көңілділік жеңіл ашуға ауысады. Қоршаған ортаны қабылдау бұрмаланады, эмоциональды безендендіріледі. Науқас интоксикация жағдайында өтіп бара жатқан адамға құшағын жайып немесе дауласуы мүмкін. Неврологиялық бұзылыстар: латеральды нистагм, диплопия, дизартрия, дизметрия, қимыл координациясының бұзылысы, атаксия, гипорефлексия. Қозғалыстары ретсіз, дөрекі. Қарашықтары кеңейген, олардың жарыққа реакциясы әлсіз. Гиперсаливация, склералар және бет терісі майлы реңкпен гиперемияланған, тілінде қоңыр жабынды. Пульс жиілігі және АҚ төмендеген, пульс кернелген, жоғары тершеңдік, ыстық тер, дене температурасы төмендеген. Осы фаза ұзақтығы – 2-3 сағат.
3 фаза Терең ауыр ұйқы, науқасты ояту қиындайды. Тері жабындыларының бозаруы, брадикардия және гипотензия сақталады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Аяқ-қолдарындағы ауырлық және босаңсу сезімі. Ұйқы 3-4 сағатқа созылады.
4 фаза Оянғаннан кейін пайда болады. Әлсіздік, жабырқаулық, ойын жинақтау қабілетінің болмауы, аңғарғыштығы төмендейді. Шеткі кетулерде горизонтальді нистагм, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі. Қимылдары әлсіз координирленген, бұлшық ет әлсіздігі, кейде тремор. Бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу бақыланады. Тәбет төмендеген. Шөлдеу байқалады. Ішкен ыстық су стаканы жиі мастану шақырады.

Ұйқы шақыратын заттарды шектен тыс қолдану кезіндегі даму сатылары

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Саты Клиникалық көріністері
1 саты Ұйқы шақыратын заттардыңфизиологиялық әсері аздап өзгереді. Толеранттылық 3-5 ретке жоғарылайды. Ереже бойынша, алғашқы уақытта науқастар алкоголь мен ұйқы шақыратын заттарды қабылдауды кезектестіреді, ал кейіннен барбитураттардың 0,5-0,6 г. дозасында толеранттылық өсуіне байланысты ұйқы шақыратын заттарды қабылдағанды артық көреді. Қорғаныс реакциялары жоғалады. Ұйқы шақыратын заттарды күндізгі уақыттарда жүйелі қабылдау. Психикалық тәуелділік синдромы түзілген. Ұйқы шақыратын заттар эйфоризирлеуші әсер алуға қолданылады. Мастанудан тыс, науқас көңіл толмаушылық және мазасыздықты сезінеді. 1 саты ұзақтығы 3-4 ай, кейбір жағдайларда (неврозбен науқастар) жылдарға созылуы мүмкін.
2 саты Плато толеранттылық (әдеттегі тәуліктік доза 1,0 г., кейде 1,5-2,0 г. барбитураттарды құрайды). Мастану сипаты өзгереді. Наркотиктер әсерінің бірінші фазасы сөнеді. Қозғыштық төмендейді. Эмоциялар қозғалмалылығы жоғалады. Аффекттер тығырықталуы пайда болады, ашу, агрессия ұстамалары болуы мүмкін. Мастанудың үшінші фазасы ұйқы шақыратын заттардың әдеттегі дозасынан пайда болмайды. Шамадан тыс қабылдау кезінде седативті әсер жоғалады (көп сағаттық ұйқы болмайды, бірден кома дамиды.). Мастану кезіндегі мөлшерлік бақылау жоғалады. Наркотикке компульсивті әуестік. Абстинентті синдром наркотикалық заттарды жүйелі қолданудың жарты жылы бойында түзіледі. Тек мастану кезінде науқастың көңілі толып, физикалық жайлылық сезінеді. Абстинентті көріністер наркотикті соңғы қабылдаудан кейін бірінші тәулік бойында дамиды, олардың ұзақтығы 4-5 аптаға дейін. Соңғы 1-2 апта наркотикке кезеңдік пайда болатын әуестік, тұрақсыз беткей ұйқы, қорқынышты түс көрулер, көңіл-күйдің спонтанды тербелістері, жеңіл пайда болатын дисфория, тәбеттің жоғарылауы түрінде абстиненцияның қалдық көріністері бақыланады. Барбитураттарды шектен тыс қолдану кезіндегі абстинентті психоз жедел алкогольды делирийге ұқсас, бірақ сана қарауытуының тереңірек дәрежесімен, көру галлюцинацияларының интенсивті түрлі-түсті безендендірілуімен, аффект өзгергіштігінің болмауымен, осы жағдайдан шыққаннан кейін терең амнезияның болуымен ерекшеленеді. Қозу төсекпен шектелген. Аурудың 2-ші сатысының ұзақтығы 10-12 жылдан аспайды.  
3 саты Толеранттылықтың төмендеуі. Интоксикация кезіндегі эйфорияның сөнуі. Ұйқы шақыратын заттар психика белсенділігін және қозғалысқа қабілеттілікті, қарапайым жұмысты атқаруды арттыру үшін бөлшекті дозалармен қолданылады. Жиі шектен тыс қабылдаулар бақыланады. Абстинентті синдром созылыңқы, 5-7 аптаға дейін, біртіндеп басылады, литикалы және эпилептиформды ұстамалармен және абстинентті психоздармен бірге жүреді. Токсикалық энцефалопатия.  

Ұйқы шақыратын заттарды шектен тыс қолдану кезіндегі абстинентті синдромның клиникалық көріністері мен фазалылығы

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Наркотиктен ажырағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін басталады. Қарашықтардың кеңеюімен, қалтыраумен, есінеумен, гипергидрозбен, тері жабындыларының бозаруымен «түршіккен тері» сипатталады. Бұлшық ет әлсіздігі айқын. Тәбет төмендеген. Ұйқы бұзылған. Көңіл-күй төмендейді. Науқас кернелген, ызалы. Қанағаттанбаушылық және мазасыздық сезінеді. Берілген фаза ұзақтығы 20-24 сағат.
Екінші фаза Наркотиктен ажырағаннан кейін бірінші тәуліктің соңына қарай басталады. Балтыр бұлшық еттерінің тырысулы тартылулары, гиперрефлексия, бұлшық еттік гипертонус, жеке бұлшық еттік шоғырлардың жыбырлауы, тиктер, бұлшық еттік жайсыздық, майда тремор, АҚ жоғарылауы, тахикардия пайда болады. Науқас мазасызданған, үрейлі, тітіркенген. При ходьбе пошатывается, иногда падает. Шуды, қатты дауыстарды, жарықты көтере алмаумен гиперестезия бақыланады.
Үшінші фаза Наркотиктен ажыраудың үшінші тәулігінде дамиды. Алдында болған симптоматикалардың барлығы және жаңа симптомдар жатады – асқазандағы ауыру сезімі, құсу, іш өтуі, және де ірі буындардағы және жүрек аймағындағы қысылған, тартылған сипаттағы ауыру сезімі.
Төртінші фаза Наркотиктен ажыраудың үшінші тәулігінің соңына қарай дамиды және абстинентті синдром дамуының ең биік шыңы болып табылады. Кернелген дисфория депрессияға ауысады, қозғалыс белсенділігі құлдырайды. 75% науқастарда 3-5 тәулікке дейін тырысулық ұстамалар пайда болады, осылар келесі үш тәулік бойында сақталуы мүмкін. 3-5-ші тәулікте, кейде аптаның соңына қарай, 60% науқастарда абстинентті психоз дамиды.

КОКАИН ЖӘНЕ БАСҚА ПСИХОСТИМУЛЯТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

 

Психостимуляторларға тәуелділік жылдам түзіледі: ішке күнделікті емес қолданудың 2-3 аптасынан кейін және кокаин мен эфедронның 3-5 көктамыр ішілік инъекцияларынан кейін (Пятницкая И.Н., 1986). Кофеиннің наркогенді белсенділігі төмен болғанымен, оны күнделікті 600 мг. дозада 6-15 күн енгізгенде физикалық тәуелділік шақыруға қабілетті (Шабанов П.Д., 2002). Стимуляторларды шектен тыс қолданудың циклды формасы жылдам физикалық және психикалық тәуелділік түзілуіне және психоорганикалық синдромның дамуына жағдай жасайды. Ремиссиялар қысқа уақытты. Ремиссияға дейінгі рецидивтер кезінде толеранттылық бірінші аптаның бойнда қалыптасады.

 

 

© 2013 wikipage.com.ua - Дякуємо за посилання на wikipage.com.ua | Контакти