ВІКІСТОРІНКА
Навигация:
Інформатика
Історія
Автоматизація
Адміністрування
Антропологія
Архітектура
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Військова наука
Виробництво
Географія
Геологія
Господарство
Демографія
Екологія
Економіка
Електроніка
Енергетика
Журналістика
Кінематографія
Комп'ютеризація
Креслення
Кулінарія
Культура
Культура
Лінгвістика
Література
Лексикологія
Логіка
Маркетинг
Математика
Медицина
Менеджмент
Металургія
Метрологія
Мистецтво
Музика
Наукознавство
Освіта
Охорона Праці
Підприємництво
Педагогіка
Поліграфія
Право
Приладобудування
Програмування
Психологія
Радіозв'язок
Релігія
Риторика
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Статистика
Технології
Торгівля
Транспорт
Фізіологія
Фізика
Філософія
Фінанси
Фармакологія


Психостимуляторлармен мастану белгілері (F15)

(метамфетаминдер синонимдері:дексамфетамин, метилфенидан, фенметразин, метедрин, эфедрон-«джеф», «мулька», «фен», первитин «винт» , фенамин, «экстази»; амфетаминнің:прелюдин, риталин, ромилар, дезоксин)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиниклық көріністері
1. Сомато- вегетативные Қарашықтың кеңеюі, көздердің дөңгеленуі («үкінікі тәрізді»), жоғары белсенділік және төзімділік, іс-әрекеттер жылдамдығы, қажеттілік үнемі қозғалыста болады, гипертензия, гипергидроз, брадикардия, тремор.
2. Психические и поведенческие Эмоциональды көтеріңкі, шабыт және жігерлілік күйі, эйфория, сөзшеңдік, өз мүмкіндіктерін аса бағалау, аштық және шаршау сезімінің болмауы, жоғары сексуальдылық, ұйқыға қажеттіліктің болмауы, ұйқының аз мөлшеріне қанағаттану бақыланады.

Психостимуляторларды шектен тыс қолдану кезіндегі даму сатылары

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Саты Клиникалық көріністері
1 саты Науқастың санасын жаулап, бұрынғы қызығушылықтарын ығыстыратын мастануға интенсивті әуестік түріндегі психикалық тәуелділік синдромы. Наркотиктің болмауы психикалық дискомфорт шақырады. Толеранттылық жылдам өседі, бірінші кезекте наркотик инъекцияларын жиілету арқылы. Наркотикті енгізу кезекті дозаның әсері басылғаннан кейін қайталанады. Наркотикті 2-3 күн бойында және түнгі уақытта енгізулері мүмкін. Тәуліктік толеранттылық 5-6 ретке өседі, бір реттік доза өзгермейді. Үздіксіз наркотизация кезеңі психофизикалық зорығумен аяқталады. 6-10 сағаттан соң 1-2 тәуліке созылатын ұйқы басталады. Психостимуляторларды шектен тыс қолданудың циклды формасы түзіледі. Наркотикалық мастанудың сипаты өзгереді, алғашқы екі фазаның өткірлігі азаяды, үшінші фаза азды-көпті тәртіптелген артық қимылдық белсенділіксіз жүріс-тұрыспен көрінеді. Интоксикацияның төртінші фазасына тән психостимулятордың соматикалық әсері әлсірейді. Бұл сатының ұзақтығы 1-1,5 айды құрайды.
2 саты Өскен бір реттік және тәуліктік дозадан құралып тәуліктік толеранттылық жоғары деңгейге жетеді, (кокаин дозасы тәулігіне 3 г-ға дейін, амфетамин –1г-ға дейін, первитин –0,8 г-ға дейін, прелюдин –1,5г-ға дейін, эфедрин – 4-6 г-ға дейін өседі; Шабанов П.Д., 2002). Инъекциялар жиіленіп, әрбір 1,5-4 сағат сайын жасалады. Наркотизация циклы наркотикті үздіксіз 5-7-10-күндік шектен тыс қолданулардан және 2-3 –күн «әсерінің шегінуі» және ұйқыдан тұрады. Мастану сипаты өзгереді. Эйфория кезеңі 4–тен 2 сағатқа дейін қысқарады, біртіндеп күйзелістер айқындылығы әлсірейді, моторлы белсенділік жоғалады. Мастанудың төртінші фазасында тынышсыздық, тітіркенгіштік, үрей пайда болады. Наркотикке әуестік компульсивті сипат алады. Соматовегетативті бұзылыстардың жинағымен көрінетін абстинентті синдром түзіледі. Бас ауыруы, жүрек қағу ұстамалары және жүректегі ауыру сезімі, тыныштық жағдайындағы ентігу, бұлшық еттердегі қатты ауыру сезімі, фибриллярлы жыбырлаулары және мимикалық бұлшық еттер мен тілдің тырысулары, және де тремор, атаксия, қимыл координациясының бұзылысы, ақ дермографизм, гиперестезия, есінеу, қалтырау, гипергидроз. Айналадағылардың алдында үрейлілік, қорқыныш байқалады. Абстиненция фазаларын анықтау қиын. Абстиненцияның жедел кезеңі 2-3 күнге созылады. Постабстинентті жағдай 1-1,5 айға созылады және әлсіздікпен, апатиямен, жоғары ұйқышылдықпен, депрессиямен, вегетативті көріністердің лабильділігімен, тәбеттің болмауымен және дене массасының төмендеуімен сипатталады. Абстиненцияның жедел кезеңінде сананың делириозды бұзылысымен және көптеген көру, есту және тактильді галлюцинациялармен, психомоторлы қозумен және қорқыныш аффектімен соңына түсу, физикалық әсер ету идеяларымен психоз дамуы мүмкін. Абстинентті психоздың ұзақтығы 3-4 күннен 10-15 күнге дейін. Психоздан шыққаннан кейін амнезия бақыланады, сенімсіздік, күдікшілдік, астения фонындағы депрессия көріністері сақталады, олар 3-4 апта бойында бақыланады.
3 саты Циклдардың қысқаруымен және қабылданған психостимуляторлар мөлшерінің азаюымен толеранттылық төмендейді. Наркотик әсері өзгереді. Көңіл-күйдің көтерілуі тұрақсыз, болмашы психомоторлы қозу. Эйфорияның орнына қозғыштық, қорқақтық, қорқыныштар пайда болады. Наркотиктен ажырағаннан кейін 12-20 сағаттан соң пайда болатын абстиненция құрамында, депрессия және дисфория басым болады. Суицидальды әрекет қаупі жоғары. Психикалық деградация және нейротрофикалық бұзылыс белгілері айқын көрінеді. Психостимуляторларды 1,5-2 жыл бойында жүйелі шектен тыс қолданудан кейін психикалық сфераның босауы (опустошение) дамиды. Науқастар әрекетсіз, дөрекі, тітіркенгіш, ұқыпсыз, эгоистті, паразиттік өмір салтын жүргізеді.  

Психостимуляторлармен интоксикация кезіндегі клиникалық көріністер мен фазалылық

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Жылдам басталып, сана бұзылысын еске түсіреді: пациент нұрлану сезімін сезінеді, сыртқы қабылдау қабілеті жоғалады, қоршаған орта ғайып болады немесе бөтен, басқаша болып көрінеді. Басынан өтіп жатқан жедел рахаттану және қысқа уақыттық есеңіреу жағдайында денесінің жеңілдігі және ұшу сезімі пайда болады.
Екінші фаза Препараттарды ішке қабылдағанда дамиды. Сана тарылған. Жеңілдік, ұшуға қабілеттілік сезімі сақталады және кейбір мастану жағдайындағылар секіріп ұшуға тырысады. Тері бетінен, бұлшық еттерден, ішкі мүшелерден әрқилы жайлы сезімдер қабылданады. Көпшілігінде эпигастральды аумақтан шығып жатқан денесінде жылжыған жылу толқыны және соматикалық жайлылық сезімі болады. Басынан шаш өсіп жатқандай және кезеңдік, толқынға ұқсас жанға жайлы дене тітіркенуі орын алады. Зейіні сезімдік күйзелістерге бағытталған, қоршаған орта қабылданбайды. Эйфория интенсивтілігі науқаспен интоксикация жағдайынан шыққаннан кейін «бүкіл дененің оргазмы» ретінде бағаланады.  
Үшінші фаза Қоршаған ортаны қабылдау оның көлемінің тарылуы кезінде өткірленген. Қабылдау ашық, қанық, анық және контрастты майда детальдардың фиксациясымен. Кеңпейілді барлығына және барлық адамға махаббат сезімімен көңіл-күй фоны көтеріңкі. Пациенттер энергия және күш ағынын, іс-әрекет жасауға қажеттілікті сезінеді. Шығармашылық белсенділігі артады. Олар сурет салуды, өлең жазуды, музыкалық аспаптарда ойнап, білімнің әртүрлі саласында теориялар құра бастайды. Пайда болған басқарылмайтын қарым-қатынасқа ниеттену ассоциациялардың беткейлігімен көпсөздікпен, ойлаудың үзілуі және персеверациясымен бірге жүреді. Синестезиялар да сирек кездеспейді: дыбыстық тітіркенгіштер көру бейнелерін күшейтеді, ал көру тітіркенгіштері – сөз және музыка қабылдауды өткірлендіреді, терілік тітіркенгіштер проприосезімталдықты күшейтеді. Либидо мен потенция, және де сексуальды күйзелістер бірден өседі.
Төртінші фаза Шығу фазасы сананың қалыптасуынан және анықталуынан басталады. Эйфория, кеңпейілділік азаяды, кейде жабырқаулықпен, тітіркенгіштікпен, жалғыз қалуға ниеттенумен ауысады. Құлазу, әлсіздік, ұйқыға ауыспайтын ұйқышылдық бақыланады. Қабылдау табалдырығы төмен болып қалады, бірақ алған әсерлерінен ләззат алмайды, олар шамадан тыс болып көрінеді. Барлық сезім мүшелерінің гиперестезиясы бақыланады, әсіресе дыбыстық және жарықтық тітіркенгіштер ауыр қабылданады. Дененің әр жерінде айқын емес жағымсыз ұшпалы сезімдер түрінде сенестопатиялар пайда болады, шүйдедегі ауру сезімі, «құмырсқалардың жорғалауы», қалтырау, сыртқы тітіркенгіштер болмағанның өзінде бүкіл денесімен селк ету. Фаза беткей ұйқының басталуымен аяқталуы мүмкін.

ГАЛЛЮЦИНОГЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 16)

Галлюциногендер деп аз дозаның өзінде галлюцинациялар шақыруға қабілетті заттарды айтамыз. Фармакологияда оларды жиі психомиметиктер, басқаша айтқанда қабылдау кезінде психоз пайда болатын заттар деп атайды. Осы топ препараттарына қатысты «психодизлептиктер» термині қолданылады, сана бұзылысын шақыратын заттар – нақты галлюцинациялар пайда болатын жағдай.

Галлюциногендерге 100-ден астам табиғи және синтетикалық препараттар жатады, бұлардың ішінен келесілер танымал болып табылады:

 

Галлюциногендер
1. Табиғи заттар: - псилоцибин, саңырауқұлақтардан табылған; - мескалин, кактус құрамында болатын; - гармин, гармалин, ибогаин, диметил, триптамин
2. синтетикалық психоделикалық препараттар: - лизергин, лизергин қышқылы диэтиламиді (ЛҚД); - дипропилтриптамин (ДРТ); - диэтилтриптамин (ДЭТ); - 5-метокси-3,4-метилендиоксиамфетамин (МДМА, Ecstasy); - 2,5-диметокси-4-метиламфетамин (ДОМ, STP)
3. атропин тәрізді әсер көрсететін препараттар: - циклодол, паркопан, артан (корректор нейролептиков); - димедрол; - астматол
4. басқалар: - фенциклидин (РСР); - кетамин (кеталар, калипсол).

 

 

Галлюциногендер симпатомиметикалық эффект шақырумен катехоламиндік жүйеге әсер етеді (дофамин, ацетилхолин, серотонин).

Әр препараттың мастану шақыратын орташа дозалары әртүрлі: ЛҚД үшін – 75 мг, ДОМ үшін – 3 мг, псилоцибин үшін – 6 мг, ДМТ үшін – 50 мг, МДА үшін – 100мг, мескалин үшін– 200 мг, циклодол үшін – 8 мг.

 

 

Галлюциногендермен мастанудың белгілері (псилоцибин)

(В.Д.Менделевич)

1958 жылы швейцарлық химик А.Гофман саңырауқұлақтар құрамындағы белсенді зат - псилоцибин бөліп шығарды, оның мөлшері әртүрлі саңырауқұлақтарда, кепкен саңырауқұлақ салмағымен 0,2 ден 0,6 % -ға дейін. Ішке қабылдаған кезде (4-14 мг) психикалық өзгерістер 30-60 минуттан кейін, парентеральды енгізгеннен кейін (3-15 мг) бұлшық етке немесе тері астына –10-15 минуттан соң пайда болады.

 

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Жүрек айну, құсу, бет гиперемиясы, ыстық немесе суықты сезіну, брадикардия. Көрудің нашарлауы, нистагм, мидриаз, АҚ-ң жоғарылауы, тершеңдік, бас ауырулары, бас айналуы, атаксия, тремор, аяқ-қолдардың ұйып қалуы сезімі, парестезиялар, ауыздағы құрғақтық, дизартрия, гиперакузия, талмалар.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Ориентировканың барлық түрлерінің, және де өзінің жүріс-тұрысын бақылаудың сақталуы. Уақыты бойынша ұзақ емес онейроидты эпизодтар бақыланады, осы кезде қоршаған орта ерекше, шынайы емес тәрізді болып көрінеді. Жанға жайлы және қорқынышты сипатта да болатын иллюзиялар мен галлюцинацияларға бейімділік. Дене схемасының бұзылысы тән. Зейіні өз күйзелістеріне шоғырланған. Қоршаған ортаға қызығушылықтың жоғалуымен немқұрайдылық, эйфориямен, мұңаюмен, қорқынышпен, үреймен қосарласқан іштей сабырлылық бақыланады. Ойлау баяулаған немесе жылдамдаған, басы бос қалғандай, ойлары тоқтап, жоқ болып кеткендей сезім пайда болады. Жиі қатынас және соңына түсу идеялары пайда болады. Қозғалыстық және еріктік белсенділік әлсірейді, сирек күшейеді. Мастану ұзақтығы 4-5 сағатты құрайды, жеке жағдайларда – бірнеше тәулік. Шамадан тыс қабылдауда токсикалық делирий дамуы мүмкін. Бөліктік амнезия болуы мүмкін.

Галлюциногендермен мастанудың белгілері (ЛҚД синонимдері:лизергин,лизергин қышқылы диэтиламиді)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Бас ауырулары, бас айналуы, қалтырау, ыстық сезімі, гипертермия, гиперсаливация, жас ағуы, гипертензия, жарықтан қорқумен мидриаз, анизокория, гипергидроз, айқын гиперрефлексия, жақ бұлшық еттерінің спазмы, жиілеген және ауру сезімімен несеп бөлінуі бақыланады.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Ашық түсті көру галлюцинациялары бақыланады, заттар жасанды түстерге, немесе бір түске боялады. Заттардың бейнесі жайылып, немесе жиектері айқындала түседі. Олар қозғалыста тәрізді, олардың түстері мен формалары калейдоскопиялық түрде ауысады. Шынайылық сезімін жоғалту, уақыт және кеңістікті қабылдау бұзылысы түрінде дереализация, орын мен уақытқа дезориентация, өз денесіндегі өзгерістер түрінде деперсонализация, түсінбеушілік аффекті недоумения, эйфория және елтуден қорқыныш және дисфорияға дейінгі көңіл-күйдің кенет тербелістері. Басы босап қалғандай сезіммен толық тоқтауға дейін, ойлау баяулаған, осы кезде сөйлеу баяулайды, персеверациялар пайда болады. Қатынас, соңына түсу, әсер ету сандырақтық идеялары, және де ипохондриялық сандырақ бақылануы мүмкін.

Галлюциногендермен мастанудың белгілері (фенциклидин синонимдері - РСР: «пи-си-пи»,«ангельская пыль»)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
2. Сомато- вегетативті Көру бұзылысы, нистагм, АҚ-ң жоғарылауы, тершеңдік, бас айналуы, құсу, атаксия, дизартрия, гиперакузия, талмалар.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Сана, қозғалыс координациясының бұзылысы, галлюцинацияларға бейімділік, көңіл-күйдің кенеттен көтеріңкі қайраттылықтан, жарқынжүзділіктен қорқынышқа, дүрбелеңге ауысулары, уақыт және кеңістікті қабылдау бұрмаланған. Дене схемасының бұзылысы, есту және көру галлюцинациялары тән. Жауынгерлік, күш қолдануға бейім, импульсивті жүріс-тұрыс. Стереотипті қимылдар бақыланады, ажитация. Әсерінің максимумы –3-тен 6 сағатқа дейін, мастану ұзақтығы – 1-2 тәулік. Шамадан тыс қабылдағанда делирий және сандырақтық органикалық синдром дамуы мүмкін.

Цклодолмен интоксикация кезіндегі киникалық көріністер мен фазалылық

(Бабаян Э.А., Гонопольский М.Х., 1987)

 

Фаза Клиникалық көріністері
  Бірінші (эйфориялық)   Циклодолды қабылдағаннан кейін 20-25 минуттан соң басталады. Аяқ-қолдарындағы жылу сезімімен, хәлі кетуге дейін жететін өзін жалпы жақсы сезінумен көрінеді. Дыбыстар айқындалып, бояулар ашық түстеніп, еліктіреді. Барлық жағымсыз жағдайлар артта қалдырылады, көңіл-күйі көтеріңкі, қозғалыстық компонентпен эйфория бақыланады. Токсикомандар көп сөйлеп, көп күледі. Фаза 30-40 минутқа созылады.
  Екінші фаза (тежелу) Препарат әсері ауысады, появляется тежелу, жатып, халсіздік, жылу немесе суықты, ауада буға айналу «салмақсыздық» сезімін сезінуге ниет пайда болады. Осы уақытта токсикоман өзін сырттай ерекше жағдайда бақылағандай болады, өйткені шынайы әлем заттары өзгеріп, өздерінің бейнесін жоғалтады. Қоршаған орта үнемі өзгеріп тұратындай сезім пайда болады. Ойлары әлсіз, науқастар тежелген, қиындықпен сөз табады. Кейде ойлар кенет үзіледі. Бұл жағдай 2-3 сағатқа созылуы мүмкін.
  Үшінші фаза (галлюцинаторлы) Циклодолдың өте жоғары дозасын қабылдау кезінде пайда болады. Сана өзшгерісі өте терең. Уақыт, қоршаған жағдайға, өзіндік тұлғасына ориентировканың бұзылысы пайда болады. Бастапқыда токсикомандар қабылдаудың элементарлы бейнелерін сезінеді – сыртылдар, қоңыраулар, жеке дыбыстар, артынан галлюцинаторлы бейнелер пайда болады. Олар қарқынды, есту және көру түрінде. Токсикоман осы жағдайдан шыққаннан кейін өзінің басынан өткендерін есінде сақтайды, ол бұл жағдайды мастану кезіндегі маңызды жағдай деп санайды. Галлюцинаторлы күйзелістерін суреттеу кезінде, токсикоман оларды шынайы жағдайдан жақсы ажыратады. Фаза 2-3 сағатқа созылады.    
Төртінші фаза (шығу) Жағдайдан шығу фазасы астениямен сипатталады.  

Циклодолмен абстиненцияның белгілері

(Бабаян Э.А., Гонопольский М.Х., 1987)

 

Абстинентті синдром циклодолды шектен тыс қолданудың 10-14 айында түзіледі. Ереже бойынша, толеранттылық осы уақытта күніне 30-40 таблеткаға жетеді. Абстиненция препаратты қабылдағаннан кейін келесі тәулікте дамиды.

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Бастапқыда саусақтардың, кейін аяқ-қолдардың треморы, кейде бүкіл дене треморы пайда болады. Қол саусақтарының треморы көп жағдайда жоғары-төмен бағытталған, кейде саусақтардың біреуінің жеке горизонтальды қозғалыстары көрінеді (мысалы, сұқ саусақтың). Қаңқа бұлшық етінің тонусы кенет жоғарылайды, қозғалыс икемсіздігі өседі. Жағымсыз, артынан аяқ, арқа бұлшық еттерінің ауру сезімдері қосылады, кейде ірі буындардағы ауру сезімі бақыланады. Кейін жеке бұлшық еттердің тырысулы жыбырлаулары, аяқ-қолдардың еріксіз қимылдары – қолдарын үйкелеу, шаштарын сипау, денесін тербеу, беті маска тәрізденген, майланған. Диспепсиялық бұзылыстар, жүрек айну, тершеңдік тән.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Ең ерте симптомдар болып психикалық сфера бұзылыстары табылады: ішкі жандүниелік жайсыздық, мазасыздық сезімі пайда болады. Бірінші тәуліктің соңына қарай көңіл-күй төмендейді, жалпы әлсіздік байқалады, еңбекке қабілеттілік төмендейді. Көрнекі психикалық зорығу, «тітіркенген әлсіздік». Абстиненция шыңында психикалық сфера толықтай циклодол қабылдауға ниетке бағынады. Психикалық және физикалық дискомфорт кернелумен, ызалылықпен бірге жүреді. Компульсивтілікке жеткен әуестік басқарылмайтын жағдайға жетеді. Абстинентті синдром ұзақтығы 1-2 аптаны құрайды, соматоневрологиялық жағдайдың қалыпқа келуі 1,5-2 айға созылуы мүмкін.

ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 17)

Темекі тарту – адамдардың ең кең тараған әдеттерінің бірі. Бұл қазіргі уақыттағы ең кең тараған заңды наркотик.

Бүкіл әлемде темекі тартатындар саны өте көп. АҚШ-да 50 млн. темекі тартатындар есепте, ал Европалық аймақта – шамамен 250 млн.

Никотин –фармакологиялық әсер көрсететін темекі түтініне тән негізгі компонент болып табылады. Ол 1827ж. ашылған, майлы, мөлдір, жағымсыз иісті, ащы дәмді сұйықтық, су және алкогольде жақсы ериді. Никотин – алколоид және барлық темекі өнімдерінің негізгі құрылымы және темекі тартуға адамдардың әуестенуінің басты себебі болып табылады, ал темекіге әуестену темекілік токсикомания тудырады.

Темекіні қолданудың кең тараған тәсілі шылым тарту болып табылады. Темекіні қолданудың басқа да тәсілдері бар.

Темекі қолдануды негізгі сипатына қарай квалификациялауға болады – бұл шылым, сигаралар, трубкалар, бидилер тарту, темекіні иіскеу және шайнау. Кейбір елдерде темекіні қолданудың өз ерекшеліктері бар. Так, в Индонезияда, өндіріспен дайындалған темекілерден бөлек («ақ»), керетектер (құрамында темекі мен қалампыры бар шылым), Ресейде – папиростар (фильтрдің орнына ұзын қағазды түтік) тартады.

Темекіні қандай әдіспен және тәсілмен қолданбаса да ісік ауруларының пайда болуының жоғары қаупіне алып келеді.

 

Темекі тарту ерекшеліктері

 

Темекі тарту түрлері Темекі тарту сипаттамасы
  Сигаралар Әртүрлі формалар мен өлшемдерде болады. Олар түтікке тығыз оралған кептірілген темекі жапырақтарынан дайындалады. Сигараларды тарту кезінде, құрамында шайыр, никотин және көміртек тотығының жоғары концентрациясы бар көп түтін түзіледі.  
Трубкалар тарту Темекі қолданудың ертедегі формаларының бір түрі. Трубкалар әртүрлі материалдардан дайындалады, әртүрлі формалары, өлшемдері және атаулары болады. Шығыстық Ортатеңіз және Азия елдерінде сулы трубка кең таралған (кальян, гоза және кальян тәрізді примитивті қолданыстар), тартушы онымен дем алғанға дейін түтін су арқылы өтеді. Дым при курении кальянді тарту кезінде түтін, темекіні тұтатып қыздырылған көмірмен жауып, оны жану жағдайында ұстап тұрғандықтан құрамында көміртек тотығының жоғары концентрациясы болады.  
  Биди тарту (бири) Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең тараған. Биди, банан, тенда немесе тембурни жапырақтарына оралған темекі ұнтағы немесе оның қауыздары, кейбір елдерде газет қолданылады.  
  Иіскеуге арналған темекі Екі тәсілмен қолданылады: мұрын арқылы және ауыз қуысының әртүрлі бөлімдеріне салып қояды. Иіскеуге арналған темекі Европа мен Солтүстік Америкада құрғақ иіскейтін темекі атауына ие болды. «Салу – бұл темекіні ұрт пен қызыл иек арасына орналастыру», сондықтан ол ылғалды деп аталады. Ол күніне бірнеше рет қолданылады, шайнайды, сорады, ал қалдықтарын түкіріп тастайды.
  Шайнауға арналған темекі (газар, макла, зарда жәнет.б.) Әртүрлі заттармен араластырады, оны жгут, нығыздалған табақшалар немесе бос оралған жапырақтар түрінде қолданады. Темекіні шайнау кең таралған елдерде, соның ішінде Солтүстік Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Шығыс Отатеңізінде, шайнауға арналған темекіге әртүрлі қоспалармен, жиірек әк көмегімен дәм мен иіс береді. В Үндістанда осы темекіні кептірілген құрмалармен, ментолмен, қалампырмен, даршинмен және басқа қоспалармен араластырады.  
  Нас (насыбай) Естен шатасу жағдайын тудыратын қоспа (снадобье). Бұл темекі, ағаш шайыры, әк және өсімдік майы, ментол, кардамоннан тұратын өзгермелі құрам қосындысы. Насты ауыз қуысына тіл астына немесе төменгі ерін мен қызыл иек арасына салады. Аталған темекі түрін қолдану Орталық Азияда, Қазақстанда, Иранда, Пакістанда және Ауғанстанда таралған.  
Бетелдік сағыз Бетель лианасы негізі болып табылады, темекімен араластырылуы немесе онсыз да болуы мүмкін, және кардамон, анис, арек пальмасының тазартылмаған тұқымдарымен және т.б. сияқты заттармен араластырады. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияда және Океанияның әртүрлі аймақтарында таралған. Темекіні бетельге XVI ғасырдың өзінде қоса бастады.  
  Мишри (машери) Жанып кеткен темекінің күлі болып табылады, оны тістерді тазалауға қолданып, жиі ауыз қуысында қалдырады. «Керісінше тарту» деп –жанып жатқан шеті ауызда болғанын айтамыз. Темекіні қолданудың бұл түрі мен «керісінше» тарту әйелдер арасында, тартқандардан бұрын, темекіні шайнайтындарға сын көзқарассыз қарайтын елдерде кең тараған.  
Хайни Ұнтақ тәрізді темекі және әктен тұрады. Бұл қосындыны ұрт және қызыл иек арасына салады, ол ауыз қуысында ериді.
Зарда, киван Темекі, әк және дәмдеуіштерден тұратын қоспа. Темекі жапырақтарын майдалайды, суда дәмдеуіштер және әкпен бірге қайнатады. Кептіріп, өсімдік бояуларымен өңдегенннен кейін таблеткалар мен гранулалар дайындайды.  
  Гудакху Меласса және басқа заттардың қосындысымен темекіден жасалған тіс тазартуға қолданылатын паста. Ол Үндістанда кең таралған.  
  Шаммах Ауыз қуысына салынатын ұнтақ тәрізді темекінің, көмір қышқылды әктің және күлдің қосындысы. Темекінің бұл түрі Сауд Аравиясында қолданылады.  

Темекі түтінінің өнімі

Темекілік түтін фазалары  
1. Қатты фаза Фильтрмен ұсталып қалады және қатты бөлшектерден тұрады
2. Газ тәрізді фаза Фильтрден өтіп, тыныс арқылы шығарылады

 

Темекі құрамына келесі компоненттер кіреді (%)

Заттар Темекінің жоғарғы сорты Темекінің 3-ші сорты
1. Никотин 0,8 – 1,3 1,6 – 1,8
2. Көміртегі 8,5 – 13,5 2,6 – 4
3. Белоктар 8,4 – 9 10 12
4. Шайыр 5,9 – 6 5,45 – 7

Активті және пассивті тарту кезіндегі темекі түтінінің әртүрлі ингредиенттерінің деммен алынған дозасы

(Rose G., 1982)

Құрам бөліктері Активті тартушы (1 шылым) Пассивті тартушы (1 сағат)
Иісті газ 18,4 9,2
Азот тотығы 0,3 0,2
Альдегидтер 0,8 0,2
Цианид 0,2 0,005
Акролеин 0,1 0,01
Қатты және сұйық заттар 25,3 2,3
Никотин 2,1 0,04

 

Темекіге тәуелділік бұл феноменология тарапынан ойлау сферасында «МЕН»-ді, еске алулар мен көз алдына келтірулердің пайда болуын бақылауды жоғалтумен, темекі тартуға патологиялық әуестік синдромы, тоқтату синдромы, ремиссиялар мен рецидивтердің бір кезеңде дамуымен темекіні қайталап тартуға ниеттенумен сипатталатын патобиологиялық үрдістің клиникалық формасы.

Темекіге тәуелділік класы бойынша V ХАЖ-10 бөліміне енгізілген (F 10- F 19) «Психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық бұзылыстар және жүріс-тұрыс бұзылыстары» (F 1х.2) айдарында «Тәуелділік синдромы», (F 17.3х) айдарында «Темекіні тастау синдромы» (F 17.0х) «Темекіні қолдануға байланысты туындаған жедел интоксикация (жедел никотиндік интоксикация)».

Темекі «ҚР-да бақылауға жататын наркотикалық заттар, психотропты заттар және олардың прекурсорлары тізіміне (тізімдер I, II, III)» жатпайды (ҚР үкіметінің жарлығы от….за №…), ал темекіге тәуелділік клиникасында психоорганикалық дефицитарлы симптоматиканың және темекі тартуға байланысты туындаған тұлға өзгерісінің болмауы, темекіге тәуелділіктің әуестік бұзылыстары қатарында ерекше орын алатынын көрсетеді.

Темекі тартуға әдеттену психосоматикалық диссоциацияның, темекі тартуға патологиялық әуестіктің болмауымен және тоқтату синдромының дамуымен сипатталады. Темекіге әдеттенген адамдар темекі тартуды өздігімен тастай алады.

Темекіге тәуелділік темекі тартуға патологиялық әуестіктің, тоқтату синдромының, ремиссия және рецидивтің дамуымен сипатталады.

 

 

Бастапқыда темекі тартушыда темекі түтінімен демалуға жауап ретінде теріс реакциямен көрінетін– жүрек айнумен, бас айналумен, ауыздағы жағымсыз сезіммен, тері жабындысының бозаруымен (реагирования соматикалық формасы) психосоматикалық диссоциация симптомдары дамиды. Осы уақытта оң, темекі тартудан ләззат алу жағдайы сияқты (психикалық формасы реагирования) реакция да пайда болады. Эпизодты тартудан жүйеліге ауысу кезінде темекіге патологиялық әуестік синдромы дами бастайды.

Темекігепатологиялық әуестік синдромы бірнеше сатыда түзіледі және ағзаның темекі түтініне конституциональді реакциясына және әлеуметтік ортаның әсеріне тәуелді (Смирнов В.К., ).

 

 

Патологиялық әуестік түзілуінің сатылары Клинические проявления
  Бастапқы саты Ұзақтығы 30 күнді құрайды және психосоматикалық диссоциация симптомдарының дамуымен сипатталады.
  Құрылу сатысы Темекі тартуға патологиялық әуестік синдромы түзілуін сипаттайтын 2-3- жылға дейінгі ұзақтықпен. Осы сатыда темекі тартушының темекі іздеу және тарту мүмкіндігіне бағытталған жүріс-тұрысы өзгереді (жоқ болған кезде – қызметтестерінен, көршілерінен, өтіп бара жатқандардан сұрайды; толық тартылмаған шылымдарын қалдырып қояды, «қандай да бір жағдайға»). Темекі тартуға патологиялық әуестік түзілуінің негізгі белгісі жүйелі, күнделікті тарту болып табылады.  

 

 

Темекіге патологиялық әуестік компоненттерінің варианттары

(Смирнов В.К.)

 

Темекіге патологиялық әуестік компоненттерінің варианттары Клиникалық көріністері
  Идеаторлы Темекі тартушының темекі тарту жөніндегі еске алулармен көрінетін ойлау сферасының конституциональды ерекшеліктерін көрсетеді. Бастапқыда бұл естеліктер спонтанды түрде, артынан темекі тартуға патологиялық әуестік түзілу дәрежесіне қарай біртіндеп пайда болады. Темекі тарту жөнінде бейнелі-оймен еске алулар кезінде қосымша темекі түтінінің иісі мен дәмі келгендей сезім болады. Осыған ұқсас жағдай темекі тартушыда соңғы тартудан кейін 30-120 минуттан соң пайда болады. Аталған белгілердің барлығы шылым тарту кезінде тез уақыт арасында жоғалады.  
Вегето-қантамырлық Ауыздағы құрғақтық, жөтел, АҚ лабильділігі, бас ауыруы, бас айналуы, шөлдеу, қол треморының және т.б. пайда болуымен сипатталады.  
Невротикалық Астениялық және аффективті бұзылыстар белгілерінен тұрады. Астениялық бұзылыстар шаршағыштық, тітіркенгіштік, бір орында отыра алмау, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі түрінде көрінеді. Аффективті көріністер үрей, ашу, қозғалыс мазасыздығымен бірге жүреді.

 

Темекіге патологиялық әуестік ағымының типтері

(Смирнов В.К.)

Темекіге патологиялық әуестік ағымының типтері Клиникалық көріністері
  Кезеңдік   Күніне 10 нан 20 шылымға дейін тарту, «аш қарынға» тартқысы келмеу, науқас тарту жөнінде ұмытумен жарқын аралықтардың болуы сияқты белгілермен сипатталады.  
Үнемі Күніне 20 шылымнан артық тартылады, темекі тарту жөніндегі үнемі ойлар болады, шылымды автоматты түрде, бірінің артынан бірін тартады.  

 

Тоқтату синдромы темекіге түзілген тәуелділікпен темекі тартушыда бағдарланған. Кезеңмен ол адамда шылымды тастауға ниет пайда болады немесе қандай-да бір жағдайларда ұзақ уақыт аралығында темекі тарта алмайды. Тоқтату синдромы 36-48 сағат бойында темекі тартудан ұстану кезінде түзіледі және невроз тәрізді бұзылыстармен (сенситивтіліктің өткірленуі, ментизмнің және үрейлі жағдайлардың пайда болуы), аффективті көріністермен көрінеді (тітіркенгіштік, қызбалылық, үрей, мазасыздық және т.б.). осындай жағдайды темекі тартушы өздігімен жеңуге шамасы келмейді, шылым тартуға қайта айналып келеді, және шылым тарту невроз тәрізді бұзылыстар симптоматикасының көріністерін азайтады. Әдетте, темекі тартуға өзіне тыйым салу рецидивке алып келеді.

 

Никотиндік синдром дамуының клиникалық көріністері мен даму сатылары

(Бабаян Э.А., Гонопольский М.Х., 1987)

 

Сатысы Клиникалық көріністері
  I саты   Темекі тарту жүйелі сипатта болады. Увеличивается никотинге толеранттылық жоғарылайды, осы кезде шылымның ең көп мөлшері қолданылады. Темекі тарту еңбекке қабілеттілікті жоғарылататындай сезім пайда болады, өзін жақсы сезінеді. Физикалық әуестік болмайды. Никотинге толеранттылық өседі. Соматикалық, неврологиялық немесе психикалық бұзылыстардың көріністері болмайды. Бұл сатының ұзақтығы 3-5 жыл.
  II (күрделенген созылмалы) саты Никотинді қолданудың күндізгі нормасының белгіленуімен, апогей деңгейіне жетіп, жоғары көреткіште тұрақталатын жоғары толеранттылық («плато толеранттылық»), шамамен күніне 1-2 қорапша. Темекі тарту жабысқақ н

© 2013 wikipage.com.ua - Дякуємо за посилання на wikipage.com.ua | Контакти